«Оқжетпес» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Премьер-лиганың 20-турындағы «Жетісу» (1:2) командасына қарсы матч жайлы пікір білдірді.
– Ең алдымен «Жетісу» командасын жеңісімен құттықтағым келеді. Пікір айтатындай көп нәрсе жоқ деп ойлаймын. Бұл жеңіліс бізді қатты қынжылтты. Бірақ бұған жауапты бапкер. Сондықтан жеңіліс үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Жұмыс істейтін тұстар бар, ұмтылатын мақсаттар бар... Демек, одан да көп еңбектену керек. Ойынға келсек. Бізге, бәлкім, сабыр жетіспеді... Дегенмен, ойыннан кейін бірден нақты бірдеңе айту қиын. Неге гол жібердік, неге ондай сәттер болды – соны қарап шығу керек. Әзірге осылай», – деді Қайрат Нұрдәулетов.
Айта кетейік, Қайрат Нұрдәулетов өткен маусымда ғана талдықорғандықтарды баптаған еді. Осыған орай, көкшетаулық клубтың әлеуметтік желісінде де кей жанкүйерлер тыныш қалмады.
- «Қайрат, сен әдейі ойынды бердің. Футболшы басымдығымен тұрып, қалай ұтылуға болады?»
- «Нұрдаулетов - Жетісуді құттықтайын деп едім. Шынын айтсам, соған болысып едім»
- «Ойынды берді»
- «Келісілген ойынға ұқсайды»
Сондай-ақ, клуб жанкүйерлері бұл жеңілістен кейін Андрей Ферапонтовты да қайта қайтаруды сұраған.