“Қайраттың” жартылай қорғаушысы Еркін Тапалов жазадан құтылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау және этика комитеті ресми түрде хабарлады.
Тәртіптік-бақылау және этика комитеті клубтың бас директоры А.А. Есімовтің 2025 жылдың 2 қыркүйегінде жолдаған ресми өтінішін қарастырып, келесідей шешім қабылдады:
2025 жылдың 4 қыркүйегінен бастап Еркін Тапаловқа қатысты дисквалификация жазасы ішінара тоқтатылады (ДР 32-бабы, 3-тармақ).
Сонымен қатар, ойыншыға 6 ай мерзімге сынақтық уақыт белгіленді (ДР 32-бабы, 4-тармақ).
Айта кетейік, бұған дейін Еркін Тапаловқа 2025 жылдың 17 тамызынан бастап 2 матчқа дисквалификация жазасы тағайындалған болатын.
Осылайша, Тәртіптік-бақылау және этика комитеті шешімі арқасында “Қайраттың” негізгі ойыншысы команда сапына қайта қосылып, алаңға шығуға мүмкіндік алды. Дегенмен алдағы жарты жыл ішінде тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда жазасы қайта қаралуы мүмкін.