“Қайрат” - “Олимпиакос” кездесуінің билеттері сатылымға шықты

9 желтоқсан күні 20:30-да Астанадағы «Астана Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің матчы өтеді. 

“Қайрат” - “Олимпиакос” кездесуінің билеттері сатылымға шықты

Билет Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында бар.

Бір ЖСН-ға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Шетел азаматтары төлқұжат деректерін көрсете алады.

Айта кетейік, “Қайраттың” Астанадағы ойындарының билеті 15 мың мен 50 мың теңге аралығында болады. Бұған дейін Алматы командасы өз алаң кездесулерін көрсетуге мүмкіндік беретін кіргізу қағазын 30 мың мен 250 мың теңге аралығында сатып біраз сынға қалып еді. Жанкүйерлердің наразылығынан кейін сары-қаралар билет құнын едәуір арзандатуды жөн деп санады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×