Қазақстан чемпионы сырт алаңда өте тиімді нәтиже еншілеп қайтты.
Командалардың бірінші кездесуінің қарсаңында сарапшылардың басым бөлігі словениялық клубқа аздаған басымдық берген. Люблянадағы 1:1-ден кейін, әсіресе алаң иелерінің сүреңсіз ойынынан кейін ол да жоқ. Қазір букмекерлерден бастап «Қайратты» фаворит санауда. Рафаэль Уразбахтиннің командасы соңғы алты кездесуде ұтылмай келеді. Сонымен қатар, алматылық ұжым соңғы 4 ойынның үшеуінде гол жіберген жоқ. Команданың шабуылы мен қорғанысында белгілі бір тепе-теңдік бары байқалады.
Словения чемпионы әлі бабына толық келмеген. Бұл командалардың алғашқы теке-тіресінде көрініп қалды. «Олимпия» Любляна жолдастық ойындарға сенім артуда. Солар арқылы тонусқа кіруді көздейді. Мұндағы статистикасы жаман емес - төрт бақылау матчының үшеуінде жеңіс пен бір ойында тең нәтиже.
Бұл кездесуде жалпы тотал 2.5-нан көп болады деп топшылаймыз. Fonbet.kz-те бұған 2.25 коэффициентімен бәс тігуге болады.