“Қайрат” осы маусымдағы ең алыс сапарын қайда жасады?

Чемпиондар Лигасының арқасында "Қайрат" ойыншылары төрт түрлі мемлекетке барып қайтты.

“Қайрат” осы маусымдағы ең алыс сапарын қайда жасады?

Алғашқы іріктеуде “Қайрат” “Олимпия” Любляна ұжымымен кездесіп, қос матч қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңді. Алматылық жігіттер сол кезде Словения астанасына дейін ұшақпен 4900 шақырымды артқа тастады. 

Бірінші кезең артта қалған соң, “Қайрат” финляндиялық КуПС командасымен кездесті. Куопиодағы алғашқы ойын өкінішке қарай, Уразбахтин шәкірттері үшін сәтсіз аяқталды (2:0). Айта кетейік, сары-қаралар қарсылас стадионы орналасқан қалаға ұшақпен тікелей қатынай алмады. Олар Хельсинкиде сәтті қонып, ары қарай КУПС жеріне автобуспен жетті. Жалпы Алматы - Куопио арақашықтығы 3900 шақырымды құрайды екен. 

Үшінші раундта Қазақстан ұжымы тартысты ойында “Слованды” жеңіп, кішігірім сенсация жасады. Алматылықтар сол кезде Словакия астанасы Братиславаға ұшақпен жету үшін 4554 шақырым ұшып өтті. 

Ал “Қайраттың” осы еуромаусымдағы ең ұзақ қашықтығын Глазгоға сапарымен теңеуге болады. Кеше ғана 0:0 есебімен тең тарқасып келген жігіттер Шотландияға дейін 5665 шақырым жол жүріп келді.

Бірақта Алматы ұжымының шыныменде ұзақ жолды бастан кешкен матчы франциялық “Бордоға” қарсы болған еді. 2015 жылы “Қайрат” футболшылары қарсыласпен ойын өткізу үшін 5900 шақырымды артқа тастады. Бұл тіпті УЕФА командалары арасындағы рекордтық транспортық логистика болып саналды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×