Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» қарымта кездесуі қосымша кезеңге ұласты.
Командалар алғашқы минуттан жылдам гол соғуға тырысқан еді. Дегенмен бірінші және екінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Кездесу 0:0 есебімен аяқталып, қосымша кезеңге ұласты.
Алматылықтардың еурокубоктағы тарихына көз жүгіртсек, «Қайрат» бұған дейін 3 мәрте экстра таймда өнер көрсетіп, екеуінде келесі кезеңге өткен.
2005 жылы Чемпиондар лигасының алғашқы раундында сырт алаңда Словакия чемпионы «Артмедиадан» гол жіберіп, 1:4 есебімен жеңілді.
2021 жылы Еуропа лигасының үшінші айналымында Арменияның командасы «Алашкерттен» де гол өткізіп, 2:3 есебімен есе жіберді.
Бұл сәтсіздік сериясы осы маусымда ғана тоқтап, Чемпиондар лигасының үшінші раундында алматылықтар сырт алаңда Словакия чемпионы «Слованнан» пенальти сериясы арқылы басым түскен еді.