“Қайрат” өз түлектерінен қомақты қаржы тапты

Алматы командасынан түлеп ұшқан Ян Труфанов пен Егор Ткаченконың "Атырауға" трансферінің жәй-жапсары белгілі болды.

“Қайрат” өз түлектерінен қомақты қаржы тапты

Осыдан бір күн бұрын "Қайрат" командасы өз түлектерімен ресми қоштасты. 

Егор 2022 жылғы сәуірде Премьер-лигада “Тұранға” қарсы негізгі команда сапында дебют жасады. Сары-қаралар құрамында қорғаушы 39 матч өткізіп, бір нәтижелі пас жасады.

Ян алғаш рет негізгі команда сапында 2022 жылғы шілдеде ойнады. “Қайрат” құрамында форвард 22 матч өткізіп, 4 гол соқты.

Трансфермаркт порталы “Атырау” Ян Труфановты 22 мың еуро (12,9 млн теңге), ал Егор Ткаченконы 12 мың еуроға (7 млн теңге) сатып алды деген ақпарат берді. Осылайша “Қайрат” клубы өз түлектерінен қазынаға 18 млн теңгедей пайда салды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
×