“Қайрат” - “Пафос” : Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпай үшін тартыс

20.10.2025, 18:30

“Қайрат” өз алаңында Кипр чемпионы “Пафосты” ұтып, Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын еншілеуді көздеуде.

“Қайрат” - “Пафос” : Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпай үшін тартыс

Екі команда да Еуропалық маусымды сәтсіз бастады, сондықтан бұл ойын екеуі үшін де алғашқы жеңісті алып, өз жағдайын түзетуге үлкен мүмкіндік болмақ.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері алғашқы екі турда Еуропаның алпауыт клубтарынан ауыр жеңіліске ұшырады. Алғашқы турда “Спортингке” 1:4 есебімен, ал екінші ойында өз алаңында “Реал Мадридтен” 0:5 есебімен ұтылды.

Алайда бұл жолғы қарсылас – әлдеқайда қолжетімді деңгейдегі команда. Сондықтан “Қайратқа” өз алаңындағы ойын арқылы турнирдегі алғашқы ұпайын еншілеуге зор мүмкіндік туып тұр.

Ішкі біріншілікте Алматылықтар керемет нәтиже көрсетіп келеді – 25 турдан кейін 58 ұпай жинап, чемпионат көшін бастап тұр. Команда 18 рет жеңіп, 4 рет тең түсіп, тек 3 рет қана ұтылған.

Өткен аптада ел біріншілігінде “Қайрат” 1:0 есебімен жеңіске жетіп, жақсы көңіл күймен Еуропалық ойынға дайындықты аяқтады.

Кипр чемпионы “Пафос” та тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп жатыр. Өткен маусымда ел біріншілігін ұтқан команда бұл маусымда да жақсы қарқынмен келеді — 7 турдан кейін 6 жеңіс, 1 жеңіліс, 18 ұпай.

Еуропада “Пафос” алғашқы екі турда 1 ұпай ғана жинады:

• “Олимпиакоспен” — 0:0 

• “Бавариядан” — 1:5 есебімен жеңілді 

Дегенмен өткен жұма күні олар ел чемпионатында 4:0 есебімен ірі жеңіске жетіп, керемет көңіл күймен Алматыға аттанды.

Өткен маусымда команда Конференциялар лигасында плей-офф кезеңіне дейін жеткен болатын, сондықтан “Пафос” Еуропада өз беделін күшейтіп келе жатқан клубтардың бірі саналады.

“Қайрат” сапында негізгі қақпашы Александр Заруцкийдің алаңға шықпайды. Өткен турда ғана жарақатынан айыққан Темірлан Анарбеков қақпамызды қорғайды.

Шабуыл шебінде команда тағы да соңғы матчтарда тамаша форма көрсетіп жүрген Дастан Сәтпаевқа сенім артады — ол соңғы төрт ойында төрт гол соқты.

Дегенмен команда Элдер Сантана мен Жоао Паулодан айырылған, екеуі де ауыр жарақат алып, маусым соңына дейін алаңға шықпайды.

“Пафос” жағында қорғаушы Педрао ауыр жарақатына байланысты құрамнан тыс қалды. Қорғаныста Дэвид Луис, Деррик Лукассен және Дэвид Голдар триосы ойнауы мүмкін, ал шабуылды Андерсон Силва бастап шығады.

Танымал БАҚ-тардың болжауынша Алматыдағы ойын тең дәрежеде аяқталуы мүмкін, алайда өз алаңындағы қолдаудың арқасында “Қайраттың” жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Команданың шабуыл шебі жақсы формада, ал “Пафос” сырт алаңда жиі қателік жіберетін команда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×