Алматының «Қайраты» мен Грекияның «Панатинаикосы» арасындағы УЕФА Конференция лигасы матчын Нидерландылық төрешілер бригадасы басқарады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Кездесудің бас төрешісі болып Аллард Линдхаут тағайындалды.
Төрешілер бригадасының құрамына Нидерландтың бірнеше маманы енді. Йохан Балдер мен Дион Фиккерт қапталдағы төрешілер міндетін атқарады. Ал VAR жүйесінде Эрвин Бланк жұмыс істейді, оған Алекс Бос көмектеседі. Кездесудің төртінші төрешісі — Сандер ван дер Эйк.
«Қайрат» пен «Панатинаикос» арасындағы матч 22 қазанда Алматыда өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Алматылық клуб өз алаңында сәтті өнер көрсетіп, Еурокубоктік турнирде маңызды ұпайларға қол жеткізуді көздейді. Ал Грек ұжымы Қазақстанға жеңіс үшін келгені белгілі. Матчтың нәтижесіне командалардың ойын сапасымен қатар, төрешілердің даулы сәттердегі шешімдері де әсер етуі мүмкін.