“Қайрат” пен “Реал Мадрид» арасындағы кездесуге келген жанкүйерлерді қатаң тексеріс күтіп тұр

Матч болатын күні стадион аумағында 2,5 мың полицей қызмет атқаратын болады.

“Қайрат” пен “Реал Мадрид» арасындағы кездесуге келген жанкүйерлерді қатаң тексеріс күтіп тұр

Қауіпсіздік мәселесі 30 қыркүйек күні Алматыда басты назарға алынады. Ішкі Істер Органдарының қызметкерлері Орталық стадион аумағында барлау жүргізіп, шетелден келетін 5000 мың туристің қауіпсіздігіне жауап бермек. Одан тағысы, матчқа келген жанкүйерлердің билеттерін жіті тексерістен өткізеді. Егерде сатып алынған билетте қожайынның ЖСН сәйкес келмесе, онда фанат стадионға кіргізілмейді. Бұл алып-сатарлармен күрестің бір жолы екенін айта кетейік.

Осыған дейін, “Қайрат” ФК пайдакүнемдермен күресте, бір адамға тек екі билет қана үлестірген болатын. Және ең бастысы сатып алған азамат кіргізу құжатына өзінің немесе матчқа барады деген бір адамның ЖСН міндетті түрде еңгізуін басты талапқа жатқызды. 

Билетті өзгенің қолынан сатып алып, кейін кіре алмай қалмау үшін алып-сатарлардың айласына ілінбеу керек! 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×