«Қайрат» плей-офқа шыға алмайды!..

03.09.2025, 10:25

Бұлай деп біраз сарапшылар алдын-ала тон пішіпті.

«Қайрат» плей-офқа шыға алмайды!..
"Қайрат" ФК футболшылары

Сарапшылардың пайымдауынша, биыл ЧЛ негізгі кезеңіне қатысатын барлық 36 команданың ішінде мүмкіндігі ең төмен «Қайрат» екен. Алматылық команда турнирдегі үздік 24 клубтың қатарына ілігіп, плей-офқа шығады деген нұсқаға бар жоғы 0.03 пайыз берілген. Сараптама орталығы тіпті Әзербайжан өкілі «Карабах» пен Еурокубокте тұңғыш рет бақ сынайтын кипрлік «Пафостың» өзіне көбірек сенім артатын көрінеді. «Карабах» плей-офқа шығады дегенге 9 пайыз, ал «Пафосқа» 17 пайыз беріліпті. Кипрлік чемпион алматылық ұжыммен негізгі кезеңде жолығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 6
Күлкілі 4
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×