«Қайрат» - Премьер-лиганың 5 дүркін чемпионы

26.10.2025, 16:56

«Қайрат» клубы Қазақстан Премьер-лигасындағы чемпиондық атағын сақтап қалды.

«Қайрат» - Премьер-лиганың 5 дүркін чемпионы

Шешуші 26-шы турда алматылықтар өз алаңында «Астанамен» 1:1 есебімен тең түсті. Бірінші таймда қонақтар сапынан 15-минутта Марин Томасов гол соққанымен, 56-минутта Дастан Сәтпаев таразы басын теңестіріп кетті.


Осылайша, «сары-қаралар» 59 ұпай жинап, өз тарихында бесінші мәрте футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Рафаэль Уразбахтинның шәкірттері осы маусымда 18 жеңіс, 5 тең, 3 жеңіліс көрсеткішін тіркеді. Сондай-ақ, «Қайрат» қарсылас қақпасына 53 гол соғып, ал 17 жастағы Дастан Сәтпаев алғашқы маусымында-ақ 14 голмен турнирдің ТОП-3 сұрмергендерінің қатарына кірді. 


Премьер-лиганың көптеген сұрақтарына тек шешуші 26-турда ғана жауап табылды. Күміс жүлдені 57 ұпаймен «Астана» алса, «Тобыл» клубы 54 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Ал «Елімай» ұжымы Премьер-лигадағы екінші маусымында төрттіктің қатарынан табылып, УЕФА Конференция лигасына жолдама иеленді. Турнирдің аутсайдері ретінде «Тұран» танылып, ең соңғы 14-орынға тұрақтады.


«Қайрат» ұжымы чемпиондық атақтың арқасында келесі жылы Қазақстан Суперкубогы және УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды. Турнирдің қорытындысы бойынша, «Астана», «Тобыл», «Елімай» командалары да еурокубокқа қатыса алады. Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасы 1 наурыз бен 26 қазан күндері аралығында жалғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×