30-қыркүйекте Чемпиондар лигасының 2-тур аясында “Қайрат” Алматыда “Реал Мадридпен” кездеседі. Матч Орталық стадионда Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.
Gismeteo.kz болжамына сәйкес:
– Күндіз ауа температурасы шамамен +18 °C болады
– Кешке, ойын кезінде +14…+15 °C күтіледі
– Қысқа мерзімді жаңбыр жаууы ықтимал
Бұл кездесу “Қайраттың” Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі екінші ойыны болмақ.