«Қайрат» сапына Ливия құрамасының көшбасшысы қосылуы мүмкін

Бүгін, 11:52

«Қайрат» Ливия құрамасының футболшысы туралы ақпарат жинап жатыр.

«Қайрат» сапына Ливия құрамасының көшбасшысы қосылуы мүмкін
Фадель Салама

Алматылық команда қатарын Фадель Салама толықтыруы ықтимал. Бұл туралы «ASnews.kz» мәлімдеген болатын.

Фадель Салама «Аль-Ахли» (Бенгази) клубының түлегі. Ливиялық команда жейдесіндегі 29 кездесуде 6 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды. 23 жастағы футболшының келісімшарты 2026 жылдың жазы біткенше жарамды. Фадель Салама өзінің ұлттық құрама командасына тұрақты түрде шақырту алып келеді. Атап айтсақ, Ливия ұлттық құрамасының сапында 22 ойынға қатысып екі гол салды. Жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 300 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×