Италиялық Маурицио Мариани жетекшілік ететін төрешілер бригадасы Алматыда өтетін "Қайрат" – "Селтик" жауапты кездесуіне төрелік етеді.
Бас төреші: Маурицио Мариани
Қапталдағы көмекшілер: Даниеле Биндони, Альберто Тегони
VAR төрешісі: Марко Ди Белло
VAR көмекшісі: Валерио Марини
Төртінші төреші: Маттео Маркетти
Жауапты матч 26 тамыз күні сағат 21:45-те Орталық стадионда өтеді.
Рсы маусымдағы еурокубок ойындарында "Қайраттың" матчын Италиялық төрешілер екінші рет қадағалайын деп отыр. Бұған дейін Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде "Олимпияға” қарсы өткен ойынды да Италиялық маман Маттео Маркетти басқарған болатын.