Алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Егор Сорокин Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі "Селтикке" (0:0) қарсы ойында команданың үздік ойыншысы атанды.
Сорокин бұл кездесуде 7.2 ұпай алып, "Қайрат” сапында ең жоғары бағаға ие болды. Үздік үштікке Александр Заруцкий (7.2) мен Дастан Сәтпаев (7.0) кірді.
Ал жалпы матчтың үздік ойыншысы болып "Селтиктің" жартылай қорғаушысы Арне Энгельс танылды.