Алматыда өткен алғашқы матчта «Қайрат» пен «Селтик» күтпеген нәтижеге қол жеткізді. Шотландиялық клуб айқын фаворит саналғанымен, қарсыластың қақпасын 90 минут бойы да, қосылған уақытта да бұза алмады. Нәтижесінде матч тең аяқталды.
Жанкүйерлердің көңілі толмады
Глазго жанкүйерлері бұл ойынды ауыр қабылдады. Әлеуметтік желілерде сынның астына алған олар команданың ойынына ғана емес, бапкерлік шешімдерге және клуб басшылығына да наразылық білдірді.
«Қазақстаннан келген командаға қарсы ойнап, бірде-бір гол соқпадық па?» – деп жазды бір жанкүйер.
Сарказмға толы пікірлер
«Еуропа лигасы күтіп тұр»
Көпшілігі алдағы қарымта ойынға сенімсіз. Кейбір жанкүйерлер енді команда Чемпиондар лигасына емес, Еуропа лигасына түсетініне сенімді.
«Біз онда 1:2 есебімен ұтыламыз да, бәрін ұшақтан шаршадық деп ақтаймыз. Бейсенбі күндері „Рейнджерс» сияқты Еуропа лигасында ойнайтын сияқтымыз», – дейді бір пікір.
Басшылыққа сын
Бірқатар жанкүйер клуб басшылығын қатаң айыптады.
«Қазақстанда оларды ешқашан жеңбейміз. Директорлар кеңесін қуып жіберу керек. Бұл – авантюраның нәтижесі. Толықтай біліксіздік. Ақымақтар», – делінген тағы бір пікірде.
Қарымта матч – үлкен сынақ
Осылайша, тең нәтиже шотландиялық жанкүйерлердің көңіл-күйін күрт түсірді. Енді Алматыдағы ойын «Селтик» үшін тек келесі кезеңге шығу емес, жанкүйер сенімін қайта оралту сынағы болмақ.