“Қайрат” шабуылшысы Еуропа клубтарының назарына ілікті

Бүгін, 17:37

Португалиялық легионер Жоржиньо мансабын Еуропаның беделді біріншіліктерінің бірінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қайрат” шабуылшысы Еуропа клубтарының назарына ілікті

Португалиялық футболшының Еурокубоктардағы сәтті ойыны шетелдік скауттардың назарын аударған екен.

Vesti.kz сайтының мәліметінше, Жоржиньоға Польшаның жоғарғы дивизионы — Экстракласса клубтары тарапынан қызығушылық артып отыр. Ойыншының Чемпиондар лигасындағы өнері мен алаңдағы белсенділігі Поляк командаларын бейжай қалдырмаған көрінеді.

2025 жылдың қаңтарында Алматылық клубтың құрамын толықтырған Жоржиньо осы уақытқа дейін ҚПЛ-де чемпион атанды және Қазақстан Суперкубогын басынан асырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×