«Қайрат» - «Слован»: Алматылықтардың қорғанысына алаңдаудың қажеті жоқ. Сорокин-Мартынович жұбы дәл қазір үздіктердің бірі

06.08.2025, 17:36

«Қайраттың» ЧЛ 3-іріктеу кезеңіндегі «Слованға» қарсы матчының алдында арнайы Асқар Қожабергеновпен хабарласып, алматылық клубқа байланысты бірнеше сауалымызды қоған едік.

«Қайрат» - «Слован»: Алматылықтардың қорғанысына алаңдаудың қажеті жоқ. Сорокин-Мартынович жұбы дәл қазір үздіктердің бірі
"Қайрат" футболшылары жаттығуда

Танымал бапкер «Қайраттың» ойынын бағалап, мүмкіндігі жайлы ойын ортаға салды. Айта кетейік, «Қайрат» - «Слован» кездесуі санаулы сағаттардан кейін басталады.

- Асқар Сейдахметұлы, жалпы «Қайраттың» орталық қорғанысындағы футболшылар туралы, Мартынович пен Сорокин жұбы жайлы не дейсіз? Өткен жолы «КуПС-қа» қарсы аздап қателік болғанын ескерсек, бүгін біраз қиын болатын сияқты ма, қалай?   

- Сорокин мен Мартынович – өте тәжірибелі футболшылар. Талай мықты командалардың сапында доп тепкенін білеміз. Еурокубоктік тәжірибелері де жоқ емес. Енді дәл қазір «Қайратта» орталық қорғаушылардан ең мықтысы осы екеуі ғана деуге болады. Широбоков бар, бірақ оның тәжірибесі жетіспейді, Гадрани жарақаттан кейін дегендей. Қалай дегенде де бүгін өте тартысты ойын болады.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 12-тамызда Слвакия жерінде өтеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×