“Қайрат” Словениялық ойыншыға көз тікті – Трансфер неге жүзеге аспауы мүмкін?

Бүгін, 10:21

Қазақстан чемпиондары Ресейлік "Пари НН" сапында өнер көрсететін Словениялық қорғаушы Свен Каричке қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Қайрат” Словениялық ойыншыға көз тікті – Трансфер неге жүзеге аспауы мүмкін?
Свен Карич

Алайда, бұл ауыcымның сәтті аяқталу мүмкіндігі өте төмен.

Ақпараттарға сүйенсек, екі жақты келісімнің орнауына бірнеше маңызды себеп кедергі.

1. Ұзақ мерзімді келісімшарт:

Словениялық футболшының Ресейлік клубпен қол қойылған жарамды келісімшарты бар. Сондықтан "Пари НН” негізгі ойыншысын оңайлықпен жібере қоймасы анық.

2. Қаржылық мәселе:

"Қайрат" басшылығы Каричтің қазіргі жалақысын айтарлықтай көтеруге немесе ойыншы сұраған жоғары қаржылық талаптарды орындауға дайын емес. Алматылық клуб қазіргі таңда бюджетті тиімді жұмсау саясатын ұстанып отыр.

Свен Карич – 27 жаста, Еуропалық деңгейдегі тәжірибелі қорғаушы. Ол 2024 жылдан бері Ресей Премьер лигасында өнер көрсетіп келеді. Оның басты артықшылығы – Словения ұлттық құрамасының ойыншысы болуы. Мұндай мәртебелі қорғаушының Қазақстан чемпионатына келуі "Қайраттың" қорғаныс шебін айтарлықтай нығайтары анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×