“Қайрат” сотта жеңілді. Команда мемлекетке 131 миллион теңге төлеуге міндеттелді

06.09.2025, 08:45

"Қайрат" Алматы қаласының спорттық нысандар дирекциясының талабымен сотта жеңіліп қалды.

“Қайрат” сотта жеңілді. Команда мемлекетке 131 миллион теңге төлеуге міндеттелді

Ресми мәліметке сәйкес, даудың туындауына мемлекеттік аудит себеп болған. Тексеру қорытындысы бойынша, 2021–2023 жылдар аралығында клуб стадионды төмендетілген тарифпен жалға алып келген, жылына небәрі 30 миллион теңге төлеген. Ал матчтар мен жаттығулардың нақты санына қарай есептелген нормативтік жалдау құны 322,5 миллион теңгені құрауы тиіс еді.

"Осы үш жылда "Қайрат” стадионда 61 матч және 77 жаттығу өткізді. Клуб барлығы 125,1 млн теңге төлеген, ал тағы 66,35 млн теңгені 2024 жылы аударды. Алайда сот тек нормативтік ставкаларды негізге алып, мемлекетке келтірілген шығынды 131 млн теңге деп белгіледі.” – деп хабарлады Спорттық нысандар дирекциясы.

Клуб өкілдері талаппен келіспей, қол қойылған келісімшарттарға сүйенген. Олар 2021 жылғы келісімшарт бойынша талап қою мерзімі өтіп кеткенін айтқан. Сондай-ақ заңгерлер ревизиялық комиссияның қорытындылары міндетті құжат болып саналмайды деп мәлімдеген. Бірақ сот бұл уәждерді негізсіз деп тапты.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2025 жылғы 4 қыркүйектегі шешімінде ТОО "Футбол клубы "Қайраттан” ТОО "Алматы қаласы спорттық нысандар дирекциясының” пайдасына 131 млн теңге, сондай-ақ 3,9 млн теңге мемлекеттік баж өндіруді бұйырды." – делінген құжатта.

Сонымен қатар дирекция өкілдері сот дауына қарамастан, клубпен әріптестікті тоқтатпайтынын айтты. Орталық стадион қолданыстағы келісімдер аясында "Қайраттың” үй алаңы болып қала бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×