«Қайрат» тағы да чемпион бола ма? Мамандар ерекше пікір айтты

16.09.2025, 08:20

Отандық бапкер Болат Есмағамбетов премьер-лигадағы чемпиондық талас турасында өз болжамын айтып, үміткерлердің мүмкіндігін бағалады.

«Қайрат» тағы да чемпион бола ма? Мамандар ерекше пікір айтты
"Қайрат" ФК футболшылары

Танымал маманның пікірінше, ҚПЛ-2025 жеңімпазы «Қайрат», «Астана» және «Тобыл» үштігінің арасында сарапқа салынбақ.

«Дәл қазір бәрін дәл болжау қиын шаруа. Осы қазір кімнің чемпион болатынын да тап басып айту мүмкін емес. Көш басындағы үш команда да соңғы турларда бір-бірімен ойнап шығады. Сол кезде өзі де кімнің қауқары қандай екені белгілі болып қалатын шығар. «Міне, осы матч алты ұпайдың ойыны еді» деп сонда кімнің чемпион болатынын да болжауға болатын еді... Енді чемпионаттың қалай аяқталарын сол өзінің кезінде көре жатармыз. Бірақ, бір анығы - барлығы «Қайрат», «Астана» мен «Тобылдың» арасындағы матчтарда шешіледі», - деді белгілі маман «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.

ҚПЛ-дің 23 турынан кейін алматылық «Қайрат» көш бастады. Екінші орында «Астана», ал үздік үштікті «Тобыл» түйіндеуде.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×