"Қайрат" командасы 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер лигасындағы ең көп көрермен жинаған клуб атанды. Бұл — клуб тарихындағы осындай бесінші жетістік.
Kazfootball.kz мәліметінше биылғы маусымда "Қайраттың" ойындарына жалпы 241 194 жанкүйер келген. Бұл — әр матчқа орта есеппен 9 277 көрермен деген сөз.
Алматылықтар бұған дейін де көрермен саны бойынша бірнеше рет көш бастаған. "Қайрат" үздік көрсеткішке 2015–2017 жылдары қатарынан үш маусым бойы және 2021 жылы қол жеткізген.