Алматының "Қайраты" "Селтикті" жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықса, клубқа УЕФА тарапынан қомақты қаржы бұйырады.
Нақтырақ айтсақ, 18,62 миллион еуро немесе 11,7 миллиард теңге көлемінде сыйақы беріледі.
Негізгі кезеңде команда 8 матч өткізеді. Әрбір жеңіс үшін УЕФА 2,1 миллион еуро, ал тең нәтиже үшін 700 мың еуро төлейді.
Айта кетейік, Алматылық клуб қазірдің өзінде-ақ 4,29 миллион еуроға (шамамен 2,69 миллиард теңге) қол жеткізіп үлгерді.