31 жастағы шабуылшы Элдер Сантана “Қайраттың” “Тобылға” қарсы ішкі чемпионаттың 18-тур кездесуіне қатыспайды, деп жазады Kazfootballkz.
Премьер-лиганың Қызылжармен болған 17-тур матчында Сантана сары қағаз алды. Ал бұл ескерту оның осы маусымдағы 4 болып есептелді. Сол себептен Элдер Консейсан “Қайраттың” алдағы ойынына шет қалады.
Бразилиялық чемпионаттың осы маусымында 16 матч өткізіп, 1 гол мен 1 голдық пас берді.
Алматылық команда жоғары біріншіліктің 17-турынан кейін 31 ұпаймен турнирлік кестеде 1 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET