“Қайрат” түлегі “Ертіс” ойыншысы атанды

24 жастағы Арсен Бораншиев жаңа маусымда павлодарлық “Ертіс” намысын қорғайды.

“Қайрат” түлегі “Ертіс” ойыншысы атанды

Жартылай қорғаушы футболдағы алғашқы қадамын “Қайрат” ФК академиясында бастаған. Арсен алматылық клубтың барлық жүйесінде өнер көрсеткен ойыншылардың бірегейі.

Бораншиев 2025 жылғы маусымды петропавлдық “Қызылжарда” өткізді. Онда ол барлық турнирлерде 21 матчқа қатысты. 

Бұған дейін “Қайрат” түлегі ақтаулық "Каспимен" ОЖЖ өткізді. Алайда бапкерлік штаб Арсенның көмегіне иек артпайтынын жеткізіп, оның басқа команда қарастыруына кеңес берген. Іздестіре келе, Бораншиевтің таңдауы “Ертіске” түскенін көріп отырмыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×