“Қайрат” U-17 - Helvetia Cup-2024 турнирінің жеңімпазы

11.08.2024, 21:39

“Қайрат” академиясының жастары Швейцарияда өткен доп-додасында оза шапты. 

“Қайрат” U-17 - Helvetia Cup-2024 турнирінің жеңімпазы

Турнирді топтық кезеңнен бастаған біздің жігіттер “Санкт-Галлен” (0:2), “Дейнзе” (5:0), “Винтентур” (0:3) командаларын еш қиындықсыз жеңді. Және соңғы турда “ПСЖ” академиясының командасымен тең тарқасты (0:0). Плей-офф кезеңінде “Қайрат” екінші топта топ жарған “Марсельмен” бақ сынасып, 3:0 есебімен жарыс жолынан шығарды. Осы нәтижесі арқылы финалға шыққан жас өреңдер бір топта бұған дейін кім мықтыны анықтауда кездескен “Санкт-Галленмен” қайта қауышты. Сыңдарлы сәтте ел намысын қорғаған жігіттер жерге қарап қалмай қарсыласты 4:0 есебімен ұтты. Сөйтіп, Швейцариядағы турнирдің жеңімпазы атанды. 

Команда бас-аяғы өткізген 6 кездесуінде бірде-бір гол жібермеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×