Тимур Сегізбаев академиясында өтетін матчта алаң иелері “Реал Мадрид” командасын қабылдайды.
Аталмыш кездесу 30 қыркүйек күні сағат 12:00-де жоспарланған. Осы күннің кешінде "Қайраттың" негізгі командасы да коррольдік ұжым футболшыларымен бақ сынасады.
Алайда Алматы жастарының бұл ойынын тамашалау сырттан келген жанкүйерлер үшін мүмкін болмайды. Матчқа тек 250 адам ғана шақыртылды. Олардың құрамына БАҚ өкілдері, футболшылардың туыстары мен академия түлектері кіреді.
Еске салсақ, Жора Арутюнян шәкірттері бұған дейін турнир аясында “Спортингтен” 3:2 есебімен ұтылды.