«Қайрат» U-19 жасөспірімдер командасы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде дебют жасады

18.09.2025, 19:20

«Қайрат» U-19 жасөспірімдер командасы УЕФА Жасөспірімдер лигасының бірінші турындағы ойында португалиялық «Спортинг» клубымен кездесті.

«Қайрат» U-19 жасөспірімдер командасы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде дебют жасады

Ойын Португалияның Оэйраш қаласында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. «Спортинг» сапында Даниэль Цесельский (13-минут), Флавиу Гонсалвеш (23-минут) және Диогу Мартинш (56-минут) гол соқты. «Қайрат» құрамынан Азамат Тұяқбаев мергендігімен көзге түсіп, 70-ші және 77-ші минуттарда екі голдың авторы атанды. 64-ші минутта Гонсалвеш алматылық команданың қақпасына пенальти соға алмады.

«Қайрат» U-19 келесі ойынын 30 қыркүйекте мадридтік «Реалға» қарсы Т. С. Сегізбаев атындағы академия стадионында (Алматы) өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 2015 жылы «Астана» клубының жастары бақ сынап, барлық 6 матчта есе жіберген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×