Александр Заруцкий
Алматылықтардың негізгі қақпашысы Александр Заруцкий маусымның қалған бөлігін өткізіп алуы мүмкін.
AlaDop.kz-ке белгілі болғандай, ол «Селтикке» қарсы өткен ойында 71-минутта тізесінен ауыр жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша жарақат күрделі болуы мүмкін, ал нақты диагноз медициналық тексерістен кейін белгілі болады.
Бұл жаңалық «Қайрат» жанкүйерлері үшін күтпеген соққы болды. Өйткені Заруцкий биыл ерекше жарқын маусым өткізіп жатқан еді. «Астанада» үш маусым бойы қосалқы құрамда жүріп, бар-жоғы 33 матч өткізген қақпашы Алматыға ауысқан соң бірден негізгі құрамға орнығып, жанкүйерлердің сеніміне ие болды.
Енді «Қайраттың» қақпасын қорғау міндеті Темірлан Анарбеков пен 18 жастағы Шерхан Қалмұрзаға жүктеледі.