Денис Поляков Дзержинскілік "Арсенал" сапына ауысты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Тәжірибелі Беларусьтік қорғаушы Денис Поляков мансабын Дзержинскілік "Арсенал” клубында жалғастыратын болды. 34 жастағы футболшы жаңа ұжыммен ресми түрде келісімшартқа отырды.
Поляков өткен 2025 жылғы маусымды Брестік "Динамо” сапында өткізіп, 23 матчта алаңға шығып, бір гол соққан болатын. Ол бұған дейін өз отанында "Шахтер", "БАТЭ” және Минскілік "Динамо” сияқты белді клубтарда өнер көрсеткен.
Қазақстандық жанкүйерлерге Денис Поляков еліміздің қос алыбы — Алматылық "Қайрат” пен елордалық "Астана” сапындағы ойындары арқылы жақсы таныс.
Ол "Қайрат” жейдесінде 51 кездесу өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Ал, "Астана” құрамында 24 матчқа қатысып, 1 мәрте мергендігімен көзге түскен болатын.