"Қайрат" бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің бастамасымен ойын мәнерін түбегейлі өзгертіп жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Дикая Пуля телеграм арнасының мәліметінше қазіргі таңда команданың ойынында Германиялық жаттықтыругы Ханси Фликтің "Барселонада" қолданатын тактикалық идеялары айқын көрініс табуда.
Негізгі бағыт — жоғары қорғаныс сызығын ұстану және агрессивті офсайд тұзағын пайдалану.
Алматылықтар қорғаныс шебін алаң ортасына қарай жиі көтеріп, қарсыластарды қорғаушылардың артына жүгіруге мәжбүрлейді, осылайша оларды офсайдқа түсіреді.
Бұл тактика қауіпті болғанымен, сәтті жұмыс істеген жағдайда, қарсыластың шабуылдарын толығымен бұзып, "Қайратқа” бастаманы жылдам қолға алуға мүмкіндік береді.
Дереккөздің жазуынша егер Уразбахтин осы модельді одан әрі дамытатын болса, "Қайрат” лигадағы позициялық ойынды ұстанатын қарсыластар үшін ең қолайсыз командалардың біріне айналуы мүмкін.