“Қайрат” жасөспірімдері Лиссабонда әйгілі стадионда ойнайды

10.09.2025, 13:20

УЕФА жасөспірімдер Лигасының бірінші турындағы “Спортинг” – “Қайрат” матчының өтетін орны өзгерді.

“Қайрат” жасөспірімдері Лиссабонда әйгілі стадионда ойнайды

Португалиялық Bolanarede.pt сайтының мәліметінше, кездесу бастапқыда жоспарланған Криштиану Роналду академиясының аренасында емес, 37 мың көрерменге арналған “Эштадиу Насьоналда” өтеді. Бұған академиядағы алаңның реконструкцияға жабылуы себеп болған.

Алаң иесі “Спортингтің” және Қазақстандық “Қайраттың” жастар құрамалары арасындағы матч 18 қыркүйекте өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×