“Қайрат” жастар командасы “Пафосқа” есе жіберді

21.10.2025, 16:15

Алматыда жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасының 3-тур ойыны өтті. Алматының "Қайрат" U19 командасы Кипрлік "Пафос" жастарымен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

“Қайрат” жастар командасы “Пафосқа” есе жіберді
“Пафос” U19

Алматылықтардың жалғыз голын Абылай Төлеухан соқты. Бұл соққы командаға сенім ұялатқанымен, "Пафос” шабуылда белсенді ойнап, басымдықты өз қолына алды.

Айта кетейік, "Қайраттың" жастар құрамасы бұған дейінгі екі турда да сәтсіз ойнаған болатын:

  • "Спортингке” қарсы – 2:3,
  • "Реалға" қарсы – 1:4 есебімен жеңілген.

Бұл “Пафос” U19 командасының УЕФА жастар лигасындағы тарихындағы алғашқы жеңісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×