Алматылықтар үшін маусымдағы маңызды матчтың бірі.
Бүгін «Жетісуды» жеңбесе, чемпиондық атағын қорғаудан айтарлықтай алыстамақ. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері қазір Еурокубок пен ҚПЛ-ді қатар алып жүруге мәжбүр. Тығыз кестеде бапкерлік құрам амалын тауып, премьер-лигадағы таластан шығып қалмауы тиіс. 23 турдан кейін 52 ұпаймен екінші сатыда - 16 жеңіс, 4 тең ойын мен 3 жеңіліс. Доп айырмасы 46-18. Алматылық клуб соңғы үш ойынды ұтты. Алда тағы екі ойыны бар қазанның 17-де «Қызыл-Жар», ал 26-да шешуші кездесуде басты бәсекелесі «Астанамен» жолығады. Соған дейін екі матчта барынша максималды ұпай олжалауы тиіс.
«Жетісу» 23 турда 21 ұпай жинап, оныншы орында. Самат Смақов маусымдағы басты міндет - ҚПЛ-де қалуды орындаған секілді. Енді турнир соңында клуб пен жанкүйер намысы үшін өнер көрсетпек. Талдықорғандықтар соңғы бес матчта бір рет жеңіске жетіп, екі реттен тең ойнап, ұтылған.
Бұл матчтағы жалпы голдардың тоталы 2.5-тен кем болады деп топшылаймыз. Бұған Fonbet.kz 2.35 коэффициент береді.