«Қайрат» Жора Арутюнянға бес матчтық мүмкіндік берді: бапкердің болашағы қашан шешіледі?

Бүгін, 12:45

Алматылық «Қайрат» клубының бас бапкері міндетін атқарушы Жора Арутюнян негізгі команданы бес матчта басқарады, деп хабарлайды Aladop.kz.

«Қайрат» Жора Арутюнянға бес матчтық мүмкіндік берді: бапкердің болашағы қашан шешіледі?

«ИнсайдЯН» телеграм арнасының мәліметінше, клуб басшылығы Арутюнянның жұмысын бес кездесудің нәтижесі бойынша бағалауды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта маманның жетекшілігімен екі матч өткізілді. Алда тағы үш кездесу бар.

«Мендегі ақпарат бойынша, Арутюнян «Қайраттың» бас бапкері міндетін бес матч бойы атқарады. Оның екеуі өтіп кетті, алда тағы үшеуі қалды. Клуб басшылығы оның болашағына қатысты түпкілікті шешімді Конференция лигасының жалпы кезеңі аяқталғаннан кейін қабылдайды», – делінген «ИнсайдЯН» жарияланымында.

Осылайша, алдағы Еурокубоктық кездесулер Жора Арутюнянның бапкерлік мансабы үшін маңызды сынаққа айналуы мүмкін.

Еске салайық, Арутюнян «Қайраттың» негізгі командасын Рафаэль Уразбахтин қызметінен кеткеннен кейін уақытша басқаруға кірісті.

Оның жетекшілігіндегі алғашқы кездесуде алматылық клуб Қазақстан Премьер лигасының соңғы турында «Алтаймен» 1:1 есебімен тең түсті.

Ал екінші матчта «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында италиялық «Аталантаға» қарсы сырт алаңда өнер көрсетіп, тағы да 1:1 нәтижесін тіркеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×