Алматылық "Қайрат" және Беларусь құрамасының ойыншысы Валерий Громыко Қазақстаннан кетуге жақын деп хабарлайды, Aladop.kz.
Бурак Йылмазбен бетпе-бет
Legalbet.ru сайтының хабарлауынша, Громыко Түркияның "Газиантеп” клубының бас бапкері Бурак Йылмазбен жеке кездесу өткізген. Екі тарап болашақ ынтымақтастық жоспарларын талқылап, ортақ тіл табысқан көрінеді. Бұл — трансфердің жүзеге асу ықтималдығы өте жоғары екенінің айқын белгісі.
Барлығы 20 қаңтардан кейін шешіледі
Алайда, "Газиантеп” басшылығы ресми келіссөздерді бастауға асығар емес. Түрік клубы "Қайраттың" алдағы маңызды матчын күтіп отыр.
20 қаңтар күні "Қайрат” Чемпиондар лигасы аясында Бельгиялық "Брюггеге” қарсы ойнайды.
Осы ойыннан кейін Түрік тарабы Алматылық клубпен Громыконың трансфері бойынша ресми мәмілеге көшуді жоспарлап отыр екен.