"Қайратқа" биыл нан жоқ

25.09.2024, 22:04

Алматының "Қайраты" биыл жаңадан басталған Лига Кубогының финалына өте алмады. Сары жиделілердің жолын Астананың "Жеңісі" кесті. 

"Қайратқа" биыл нан жоқ

Орталық стадионда өткен матчта алматылықтар түзде есе жіберген 2 доп айырмашылығын негізгі уақытта қайтарып үлгерді. Соңғы ойындарда жасындай жарқырап жүрген Гиорги Зария бұл кездесуде дубль авторы атанды. Қос матчтың нәтижесі 2-2. Ал экстра таймда есеп өзгермей, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Шешуші сәтте “Қайрат” ойыншыларының жүйкесі сыр беріп, 11 метрлік айып добын орындауда үш мүмкіндікті мүлт жіберді. Ал “Жеңіс” футболшылары қақпаны бір соққыға дәл көздеп, 2-3 есебімен басым түсті. Алматылық клубтың бұрынғы бас бапкері Александр Кержаковтың ит-терісін басына қаптап, қуып шыққан Қайрат Боранбаевтың сенімін осылайша Рафаель Уразбахтин де ақтай алмаған секілді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×