Бүгін ел біріншілігінің жеңімпаздары алматылық «Қайрат» командасына алтын медаль мен чемпиондық тондо табысталды. Салтанатты рәсімге Қазақстан футбол лигасының президенті Ғани Қайназаров қатысып, ойыншылар мен клуб ұжымын марапттады.
Биыл құрылғанына 70 жыл болған «Қайрат» футбол клубының Тәуелсіз Қазақстан чемпионатында топжарған 4-ші чемпиондық титулы. Тарихы терең команда өз мерейтойына тамаша тарту жасап отыр. Алматылық клуб белгілі меценат Қайрат Боранбаевтың жеке иелігіне өткелі бұл екінші алтын жүлде. Келер жылы қайраттықтар Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ел намысын қорғайды. Ал қуанышы қойнына сыймаған Қайрат Советайұлы футболшылар мен бапкерлер штабына 1 миллион доллар сыйақы белгілеп отыр. Чемпиондықты тойласаң қайратша тойла деген осы шығар.
Біздің серіктес: FONBET