"Слован" - "Қайрат" кездесуі
«The Sun» басылымының журналисі Алекс Смит «Қайраттың» Еурокубоктегі өнерін бағалап, алматылық клубтың ЧЛ-дан көрі Еуропа Лигасына шыққаны жөн деген пікір айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Рафаэль Уразбахтиннің командасы Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінің бірінші бәсекесінде сырт алаңда шотландиялық «Селтикпен» тең ойнап қайтқан 0:0.
«Қайрат» онсыз да бойынан аса секірді. Еуропа Лигасында қазақстандықтар аутсайдер болмайды. Плей-офтен үміті бар азулы қарсылас атанатын қауқарға ие. Маған салса, Чемпиондар лигасындағы топ-командаларға ұпай сыйлайтын донордан көрі, Еуропа Лигасына шыққаны жөн», - деді А. Смит.
ЧЛ плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» - «Селтик» арасындағы қарымта ойын ертең 21:45-те басталады.