Чемпиондар лигасының алғашқы турынан кейін УЕФА аптаның симболикалық құрамын жариялады. Бұл тізімге “Қайраттың” басты қапердесі болған ойыншы да енді.
Лиссабонда өткен матчта “Спортингтің” жартылай қорғаушысы Франсишку Тринкау дубль жасап, өз клубын 4:1 есебімен жеңіске жеткізген болатын. Бұл керемет ойын Тринкауды аптаның үздік он бірдігіне алып шықты.
Апта үздіктері:
• Қақпашы: Жеронимо Рульи (“Марсель”)
• Қорғаушылар: Юссуфа Мбоджи (“Славия”), Вирджил ван Дейк (“Ливерпуль”), Дерик Люкассен (“Пафос”), Маркос Льоренте (“Атлетико”)
• Жартылай қорғаушылар: Маркус Рэшфорд (“Барселона”), Ханс Ванакен (“Брюгге”), Бикальо (“Карабах”), Франсишку Тринкау (“Спортинг”)
• Шабуылшылар: Маркус Тюрам (“Интер”), Харри Кейн (“Бавария”)