“Қайратқа” қарсы ойын алдында үздіктер қатарына кірді

“Селтикке” осы маусымда қосылған Бен Нюгрен Шотландия чемпионатының символикалық құрамына кіреді. 

“Қайратқа” қарсы ойын алдында үздіктер қатарына кірді

Швед ойыншысы “Ливингстонға” қарсы ішкі чемпионаттың 3-тур кездесуінде екі гол соғып, өз командасының сенімді жеңіске жетуіне сеп болды. 

Жалпы “Селтик” шабуылшысынан бөлек, символикалық құрамға “Килмарнок”, “Хартс”, “Сент-Миррен” сынды ұжымдардың ойыншылары қосылды. 

Жалпы Бен Нюгрен кельттер сапында чемпионат аясында 3 матч өткізіп, 3 гол мен 1 голдық пас берді.

Айта кетейік, бұған дейінгі турдың үздіктері қатарына “Селтиктің” тағы бір ойыншысы Алистайр Джонстон кірген болатын. Алайда аталған ойыншы жарақатына байланысты бүгінгі “Қайратпен” өтетін ойынға қатыспайтын болды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×