“Қайрат” командасының қос ойыншысы “Селтикке” қарсы кездесуден шет қалмақ.
Алматы ұжымының 21 тамыз күні Глазгоде өтетін кездесуінде Валерий Громыко мен Георги Зариа өз командасына көмектесе алмайды.
Беларус легионері Чемпиондар Лигасында алғаш сары қағаздар санын 3-ке жеткізіп, автоматты түрде келесі ойыннан шеттетілді. Ал гүржі жартылай қорғаушысы болса, “Слованға” қарсы қарымта матчта жарақат алуын абайланысты командамен бірге Шотландияға бармайтын болды.
28 жастағы Валерий Громыко “Қайраттың” осы маусымдағы еурокубок аясында өткізген барлық ойындарына қатысты. Георги Зариа Чемпиондар Лигасының 3 кездесуінде алаңға шықты.
Еске салсақ, Алматы ұжымы Чемпиондар Лигасының плей-офф кездесуіне дейін “Олимпия” Любляна, КуПС және “Слован” Братислава ұжымдарын тізе бүктірді.