Алматылық клубтан осыған дейін жартылай қорғаушы Офри Арад, қорғаушы Егор Сорокин және тағы бірнеше ойыншының кетуі мүмкін деген ақпарат тараған.
Осы қатарға тағы Әділет Садыбеков, Валерий Громыко да қосылып отыр. Біраз БАҚ Садыбековті «Ордабасыға» барады десе, Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы шетелдік лигаға ауысатын ұқсайды. Громыконың өнеріне Түркия Суперлигасы мен Ресей чемпионатының скауттары қызығушылық танытуда. Сондай-ақ, «Қайраттың» негізгі қақпашысы болып келген Александр Заруцкий де команда ауыстырады – ендігі жұмыс орны «Астана» секілді. Бұдан бөлек тағы бразилиялық шабуылшы Рикардиньо мен грузиялық жартылай қорғаушы Георгий Зарияның да кететіндігі айтылып келді.
«Қайрат» ЧЛ негізгі кезеңінде екі ойынға қатысады – алдымен 20-қаңтарда «Брюггені» қабылдайды, ал қаңтардың 29-да Лондонда «Арсеналға» қарсы тұрмақ. 6 турдан кейін алматылықтар еншісінде 1 ұпай мен турнирлік кестедегі соңғы орын.