Лиссабондық “Спортинг” Алматының “Қайратына” қарсы өтетін матчқа қызу дайындалуда.
Португалия басылымдарының хабарлауынша, бас бапкер Руи Боржеш күтпеген шешім қабылдап, бірден үш жас ойыншыны негізгі команда жаттығуларына қосты. Олар қорғаушылар Лукас Тайбо мен Сальвадор Блопа, сондай-ақ шабуылшы Рафаэл Нел.
Айта кетейік, Нел мен Блопа өткен аптада “Спортинг Б” сапында гол соғып көзге түскен еді. Енді бұл үш жас ойыншы үшін басты мақсат “Қайратқа” қарсы ойында дебют жасау. Егер Боржеш оларға сенім артса, бұл матч олардың мансабында тарихи сәтке айналмақ.
“Бұл біз үшін керемет мүмкіндік. Біз әр жаттығуда өзімізді көрсетіп жүрміз, енді кез келген сәтке дайынбыз.” – дейді жас қорғаушы Тайбо Португалиялық БАҚ-қа берген сұхбатында.
Кездесу 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні, Астана уақытымен сағат 00:00-де өтеді.