«Қайраттан» «Спортингпен» ең нашар көрінген кім? Сарапшылар ең «пайдасыз» футболшыны анықтады

21.09.2025, 14:53

Танымал «euro-football.ru» порталы ЧЛ жалпы кезеңіндегі «Спортинг» - «Қайрат» кездесуіне тоқталып, алматылықтар сапындағы ең нашар 3 ойыншыны анықтады.

«Қайраттан» «Спортингпен» ең нашар көрінген кім? Сарапшылар ең «пайдасыз» футболшыны анықтады
«Спортинг» - «Қайрат» кездесуі

«Әрине, «Кайраттың»  Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуы – қуанышты жаңалық. Бірақ тәбетті тамақ ашады емес пе? «Спортинг» Лиссабондағы ойында нағыз той жасады. «Арыстандар»  екі бас емес, тіпті үш бас жоғары болды. Қақпа бағаны бірнеше рет көмектеспесе, қақпашының сейві мен соғылмағанда пенальти болмағанда, есеп екі таңбалы болуы әбден мүмкін еді», - деген портал 10 балдық жүйемен бағалап, ең нашар үш ойыншыны атады. 

Егор Сорокин – 3,0.

Ресей жанкүйерлеріне жақсы таныс есім. «Рубиннен» кейін «Кайратқа» ауысып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне дейін жетті. Алайда дәл осы ойында көңіл қуантпады. Сорокин Луис Суарес пен Тринканға жиі «мүмкіндік беріп», бес қауіпті соққыға жол ашып қойды. Үш рет қарсылас дриблингпен алдап өтті. Қысқасы, сенімді қорғаныс байқалмады.

Валерий Громыко – 3,0.

Алаңның әр бұрышында тер төкті, көп жүгірді, әрдайым допқа жақын жүрді. Бірақ сонымен шектелді. Қарсыласпен 19 рет допқа таласып, 15 рет ұтылып қалды. Алты рет дриблингтен өтті, үш рет ереже бұзды. Жиі қателесіп, допты жоғалтумен болды.

Александр Мрынский – 3,0.

Шабуыл шебінен де сынға іліккен ойыншы. «Кайрат» бразилиялықтар алаңға шыққанға дейін тек Сәтпаевтың алыс соққыларына сенді. Мрынскийдің қапталы толық «ұйықтап» жатты. Қауіптілік те, прессинг те болған жоқ. Қорғанысқа көмектеспек болған сәтінде жағдайды ушықтырып алды: айып алаңы жанында доптан айырылып, Луис Суареске қарсы өрескел ойын жасап, пенальтиге себепкер болды», - делінген порталдың материалында. 

Алматылық команда 30-қыркүйекте «Реалды» қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×