"Қайрат" - "Реал" кездесуі
Ресейлік ардагер, «Қайраттың» бұрынғы футболшысы Андрей Аршавин алматылық команданың сәтсіздігіне себеп болған факторды атады.
«Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңінің екі турында ұпай ала алған жоқ. Кеше алматылықтар «Реалдан» 0:5 болып ұтылған, ал 1-турда «Спортингтен» 1:4 есебімен есе жіберді.
«Айтарлықтай бір дағдарыс болған жоқ. Бірақ, бірінші қателік голға әкеліп соқты, үмітті үзді. Сол қателік сәл болмағанда «Қайраттың» моральдік күйін де құрта жаздап барып қалған болатын», - деді А. Аршавин «Фонбет» телеграмм-арнасына берген сұқбатында.
Естеріңізге сала кетейік, ойынның 24-минутында Егор Сорокин өзінің айып алаңында өрескел қателік жіберіп, арты пенальтиге жалғасқан. Осыдан кейін қонақтар жауапсыз 5 доп салып, ірі жеңіс тіркеді.