Армения құрамасы мен Братиславалық "Слованның" жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян бір кездері Алматылық "Қайратқа" ауысуға жақын болған еді.
2019 жылдың соңындағы маусымаралық кезеңде футболшы Алматыда болып, тіпті клубтың базасына да барған. Дереккөздердің мәліметінше, "Қайрат" оған келісімшарт ұсынған. Алайда 2020 жылдың қаңтарында Барсегян елордалық "Астананы" таңдады да, сол клубпен келісімшартқа отырды.
Екі жылдан кейін, 2022 жылдың қаңтарында Тигран "Астанадан” еркін агент ретінде кетіп, карьерасын Братиславаның "Слованында” жалғастырды.
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде дәл сол Армяндықтың командасы "Слован” "Қайратқа” есе жіберді. Барсегян бүкіл ойынды алаңда өткізгенімен, пенальти сериясында өз соққысын жүзеге асыра алмады. Бір сөзбен айтқанда сол кезде Алматылық командаға жасаған әрекеті үшін жазасын алды.