«Қайратты» жеңбесең, басқа іспен айналысқаның дұрыс - испандық жанкүйерлер не дейді?

01.10.2025, 16:23

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 2-туры аясында «Реал» сырт алаңда «Қайратты» (5:0) ойсырата жеңді. Осы орайда испандық жанкүйерлер ойынға қатысты ойымен бөлісті.

«Қайратты» жеңбесең, басқа іспен айналысқаның дұрыс - испандық жанкүйерлер не дейді?

«Осындай турларда қанша команданы ақша үшін тықпалағанын көруге болады. Олар тіпті Еуропа Лигасының деңгейіне де жетпейді».

«Аудандық командаларға қарсы ойнағанда ғана жеңеді».

«Шындығында... Чемпиондар лигасында осындай „командаларды“ көру, алаңда еңбектеп жүргендері ақылға қонбайды. Бұдан жаман команданы көптен бері көрмедім».

«Матчты бағалау мүмкін емес. Қарсыластың деңгейі тым төмен».

«Үшінші лига деңгейіндегі командаға қарсы 10:0-ден жоғары есеп тіркелмесе ұят».

«Қазақ фермерлерін жеңгендеріңізбен құттықтаймын!»

«Енді былай жазуға болады: «Реал» Қазақстанды ашты. Келесі аялдама — нағыз қарсыластар».

«Қазақстанның Чемпиондар лигасында ойнауы мектеп оқушыларын ересектерге қарсы қоюмен бірдей. Ұпай алды. Бірақ беделін жоғалтты».

«Қазақстанда мұны тарих дейді. Мадридте мұны жаттығу дейді».

«Күлкілі, «Реалдың» ойыншыларының әрқайсысы 100 млн тұрады. Ал „Қайраттың“ бүкіл құрамы бір қосалқы құрамдағы қорғаушының трансферіне де жетпейді».

«Мәселелерін жасыратын идеалды ойын. «Реал Мадрид»  кішкентай клубтарды ғана талқандауды біледі».

«Мен мадридистпін. Бірақ матч үшін ұялдым. Әсіресе бірінші тайм көңілден шықпады. Басында 0:1 болып қала жаздады. Егер «Қайратты» жеңбесең, басқа іспен айналысқаның дұрыс».

«Әрбір МЫҢ шақырымға бір гол — ЛЧ-дағы ең ұзақ сапар үшін жаман емес».

Айта кетейік, енді алматылық ұжым 21 қазан күні Кипр чемпионы «Пафосты» қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×