«Қайраттың» бас бапкері: Дастан «Челсиге» дайын

Бүгін, 18:11

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Дастан Сәтпаевтың өнерін бағалап, мансабы туралы ойын ортаға салды.

«Қайраттың» бас бапкері: Дастан «Челсиге» дайын
Дастан Сәтпаев

«Сәтпаев «Челсиге» дайын – оның ол жақта өзін көрсететін жақсы мүмкіндіктері бар. Дастан шеберлігін Чемпиондар Лигасында топ-командаларға қарсы кездесулерде көрсете алды. Ол алаңда таласып, өзінің ойынын таныта алады. Ал Сәтпаев «Челсиге» келген кезде үлкен ойыншылармен бірге жаттығуларға жиі қатысатын болады. Содан кейін дамуы да қарқындай түседі», - деді Р. Уразбахтин «Championat» com сайтына берен сұқбатында.

«Қайрат» сапында жемісті өнер көрсетіп жүрген шабуылшы келесі жылы «Челси» жейдесін киеді. 17 жастағы футболшының нарықтық бағасы 3 млнг еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×